Мазмұнға өту

Toshiba

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Toshiba Corporation
株式会社東芝
Түрі

Public

Компанияның ұраны

Leading Innovation

Құрылды

1939 (merging)

Орналасуы

Minato, Tokyo, Japan

Басты адамдары

Norio Sasaki (CEO)[1]

Саласы

Conglomerate
Computer Systems
Computer Peripherals
Semiconductors

Өнімі

Desktops
Servers
Notebooks
Netbooks
Peripherals
Digital products
Electronic devices & components
Social Infrastructure
Home appliances

Айналым

¥6,398.5 billion
US$77,090,4 million
(FY 2010, 83 yen/US dollar)[2]

Операциялық кірісі

¥240.3 billion
US$2,894,9 million
(FY 2010, 83 yen/US dollar)[2]

Таза табыс

¥137.8 billion
US$1,660,8 million
(FY 2010, 83 yen/US dollar)[2]

Активтер

¥5,379.3 billion
US$64,811 million
(FY 2010, 83 yen/US dollar)[2]

Қызметкерлер саны

203,000 (31 наурыз, 2011)[2]

Сайты

Toshiba Worldwide

200pxТокиодағы корпорация бас пәтері.
Toshiba корпорациясы жылдық сатылымы, 2009 жыл 31 наурызға сәйкес,.

Toshіba (株式会社東芝) — Жапонияның ірі көп салалы корпорациясы, штаб пәтері Токиода орналасқан. 2009 жылы Toshiba әлемдегі маркеттық көлемі бойынша жеке компьютерлер сатудан АҚШ Hewlett-Packard, Dell, Тайваньның Acer, және Қытайдың Lenovo компанияларынан кейінгі бесінші орында болды.[3]

Корпорациясының негізі 1875 жылы қаланды, ол Жапониядағы телеграф жабдықтарының алғашқы өндірушісі болып табылады. Уақыт өте кәсіпорын техника өндіруші компанияға айналды. 1978 жылы қазіргі өзінің атына ие болды. Ал 1985 жылы әлемдегі ең алғашқы портативті компьютерді ойлап шығарды. Өзінің 136 жылдық тарихында компания трансұлттық корпорацияға айналып, дүниежүзіндегі ірі электроника және электротехника өндірушілер қатарына кірді. Қазір Toshіbaның өндіріс орындары мен кеңселерінде 198 мыңнан артық адам қызмет атқарады. «Fortune Global» агенттігінің пайымдауынша, жапон компаниясы әлемнің ең мықты компаниялар жүздігіне кіреді. Бүгінгі таңда Toshіba әртүрлі бағыттарда маманданған оннан астам компаниядан тұратын ірі кәсіпорын. Toshіbaның негізгі тауарлары - теледидар, бейнемагнитофондар, бейнеоплеерлер, DVD, көшірме аппараттары, портативті компъютерлер және ұялы байланыс аппараттары. Сондай-ақ компания үй роботтарын шығарады. Робот иесінің іс-қимылдарын жаттап алып, соны қайталайды (мысалы, телевизорды өшіреді). AprіAplphа роботы әртүрлі міндеттерді атқара алады.

Қазақстанмен байланысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылы Toshіba фирмасы мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының арасында атом өндіріс саласында өзара ынтымақтыстық жайлы меморандумға қол қойылды. Toshіbaның Жапонияның басқа мемлекеттермен арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына, халықаралық диалогтың дамуына ықпал ететін өзінің халықаралық қоры бар. Мәдени, интеллектуалды айырбасты кеңейту мақсатымен қор әр мемлекеттерде жапон тілін оқыту бөлімдерін оқу материалдарымен қамтамасыз ету бағдарламаларын жүзеге асырады. Қазақстанда осы бағдарламаны іске асыру орны ретінде жапонтану ғылымы қарқынды дамып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ таңдалды.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.toshiba.co.jp/worldwide/about/manage/dir.html
  2. a b c d e Earnings Release FY2010. Toshiba Corporation. Тексерілді, 9 мамыр 2011.
  3. Economic Times (2010-01-16). Gartner Says Worldwide PC Market Grew 13 Percent in 2007. Пресс-релиз. Тексерілген 2010-01-18.
  4. [1] Жапонияның Toshіba компаниясы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқу материалдарын сыйға тартты.